Ол отбасылық өмірінен жаңа әсерлі сәтті бөлісті
Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова отбасылық өмірінің әсерлі сәтін бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
51 жастағы жұлдыз желіде кенже қызының суретін жариялап, оның өздігінен отыра бастағанын көрсетті. Суретке Алагөзова қысқа ғана: «Отырмыз» деп жазып, қызының тез өсіп келе жатқанын атап өтті.
Еске салайық, 2024 жылдың жазында продюсер көпбалалы ана атанды. 5 тамызда ол қызды болып, есімін Алиса деп қойды. Ал араға екі апта салып, 19 тамызда тағы бір қызы дүниеге келді. Оған Алма есімі берілді.