What are you looking for?

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

30.03.2025

Қазақстан құрамасының спортшысы Болат Сақаев (86 келіге дейін) Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтық сында отандасымыз Иран спортшысы Абольфазл Рахманиге 11:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) алтыннан алқа таққан болатын.

Сондай-ақ, Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Social Link

Follow Me On Social Media