What are you looking for?

Қазақстандық әлем чемпионы Нұрғожа Қайпанов Амманда өткен Азия біріншілігінде алтын алды

31.03.2025

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғожа Қайпанов Амманда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

74 келі салмақта финалдық белдесуде қазақ балуанның қарсыласы қырғызстандық Орозобек Тоқтомамбетов болды.

Жекпе-жек 2:1 есебімен қазақстандық балуанның пайдасына шешілді. Осылайша Нұрғожа Амманда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

26 жастағы Қайпанов 70 келі салмақта қазіргі әлем чемпионы, сонымен қатар 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан спортшысы Азия біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (2019, 2021) атанды, сонымен қатар 2022 жылғы Азия чемпионатының күмісін еншілеген.

Айта кету керек, бұл қазақстандық еркін күрес балуандарының қазіргі құрлықтық жарыстарда алған үшінші медалі. Бұған дейін қола жүлдені Рахат Қалжан, күміс жүлдені Ризабек Айтмұхан жеңіп алған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media