What are you looking for?

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған қазақстандық азамат Ресейден экстрадицияланды

31.03.2025

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қазақстандық азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған тұлға 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген.

"Бизнес субъектісінен 50 млн теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған." Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды.

Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Social Link

Follow Me On Social Media