ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 30 наурызда көрші ел аумағындағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмикалық оқиға Астана уақыты бойынша сағат 17:24:51-де Қытай аумағында болды.
Зілзаланың эпицентрі 41.303 солтүстік ендік пен 83.490 шығыс бойлық координаттары бойынша, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 584 шақырым жерде орналасқан.
Еске салайық, 2025 жылғы 28 наурызда Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Таразда жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданында сезілді. Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз қаласы мен қалған аудандарда 2 балл болды.