Су ресурстары және ирригация министрлігі көктемгі су тасқынына байланысты алдын алу шараларын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрлік тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.
31 наурыз күнгі аймақтар бойынша су жіберу көлемі келесідей:
- Ақмола облысында Астана және Шағалалы су қоймаларынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 81,74 текше метр;
- Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 2 текше метрден су жіберіліп жатыр. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 69%-ға толы.
- Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 650 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр;
- Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 750 текше метр;
- Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 17 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 28 текше метр, Дөңгелек су қоймаларынан секундына 4 текше метр және Пятимар су қоймасынан секундына 1 текше метрден су;
- Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су;
- Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,86 текше метр;
- Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 69%-ға толды.
- Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 450,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 640 текше метр су.