Әлеуметтік желіде 100 жылдық құрым етіктің видеосы тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл Наурыз мейрамы қарсаңында маңғыстаулықтар Каспий теңізі жағалауында жиналып, Гиннес рекордтар кітабына жаңа рекорд енгізді.
Ақтаудағы арнайы алаңға бес мыңнан аса адам қазақтың ұлттық киімдерін киіп келді. Олардың арасында ескінің көзіндей болған ерекше киімдер де болды. Соның бірі — 100 жылдық құрым етік.
"Ақтаудағы Гиннес рекорды сандық түбінде жатқан талай құнды мұрамызды жұрт көзіне алып шықты. Солардың бірі — мынау 100 жыл болған құрым етік. Қазақ етікшілерінің қолынан шыққан өнер туындысы. Ерте кездегі етіктердің бір қызығы бүгінгі етіктердей оңы мен солы болмаған, екі аяққа да тура келгенін кие берген", — деп жазылған видео жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Tilek Sultan (@sultan.tilek_kz)
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!