"Алматы су" компаниясы мен қаладағы жаңа әуежай терминалын салып жатқан компания арасындағы дауға прокурорлар араласып, 122 миллион теңгеден астам айыппұлды алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының прокуратурасы берген ақпаратқа сай, олардың бірі жаңа халықаралық терминал салу және әуежайды қайта жаңарту жөніндегі "TAV Қазақстан" ЖШС (Алматы халықаралық әуежайы АҚ) жобасы болып табылады.
Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 85 млрд теңгені құрайды, жобаны іске асыру 500-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Алайда Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының "Алматы Су" ШЖҚ МКК тексеру нәтижелеріне сәйкес 122 млн теңгеге (табиғи монополия субъектісі заңды күші жоқ шарт бойынша міндеттемелерді орындауды талап еткен) айыппұл және сумен жабдықтау мен су бұру қызметтеріне қосымша төлемдер негізсіз қойған.
Түрксіб ауданы прокуратурасының қадағалау актісін енгізу жолымен "Алматы Су" ШЖҚ МКК-ның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді.
Инвестордың айыппұлы мен қосымша төлемдері жойылды.
Бұған дейін Алматы әуежайының жаңа терминалында төбеден су ағып жатқан жолаушылар видеоға түсіп қалған. Әуежай мердігер резервтік құбырды орнатып жатқанын және жүйені сынақтан өткізу кезінде құбыр қосылымдарының бірінде жарылғанын түсіндірді.