Әкімдіктің лауазымды тұлғалары және кәсіпкер парақорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сот актісімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі орынбасарының және ТҮКШ бөлімі басшысының жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алғаны анықталды.
Бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген.
Алайда, мемлекеттік айыптау пара беру және алу фактілерін даусыз дәлелдеген.
Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғалар барлығы 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымда болуға тыйым салынған.
Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейтін болады.
2025 жылғы 14 ақпанда соттың үкімі заңды күшіне енді.