Мұны Украина президентінің кеңсесі мәлімдеді.
Негізінен Зеленский отбасының ресми табыстары туралы ақпараттар жыл сайын ашық тарайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарияланған мәліметке сүйенсек, президенттің отбасы 2024 жылы 182 миллион теңгеден астам табыс тапқан. Оның шамамен 130 миллион теңгесін олар мемлекеттік қарыз облигацияларын өтеу есебінен алған.
Қалған қаржы Украина президентінің жалақысынан, банктік пайыздардан және жеке жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістерден құралған.
Еске салайық, 2023 жылы Зеленский отбасының табысы шамамен 150 миллион теңгеден асқан еді. Украина президентінің кеңсесі жылдық өсімнің себебі ретінде жалдау төлемдерінің толық көлемде қайта түсуін атап өтті.
Бұған дейін Зеленскийдің екінші мәрте президент сайлауына түспекші болғанын хабарлаған едік.