Ұлттық статистика бюросы жалдамалы жұмысшылардың жалақасына қатысты мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бюро дерегінше, ең көп жалақы тіркелген салалар:
Ақпарат және байланыс – 809 564 теңге;
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 856 521 теңге;
Қаржы және сақтандыру қызметі – 890 573 теңге.
Ал ең төменгі жалақы – қонақүй және тамақтану қызметін көрсететін салада: 258 775 теңге.
Өңірлер бойынша көрсеткіш мынадай:
Атырау облысы – 593 653 теңге;
Ұлытау облысы – 582 943 теңге;
Маңғыстау облысы – 564 014 теңге.
Үш мегаполистегі көрсеткіш мынадай:
Астана – 548 579 теңге;
Алматы – 533 365 теңге;
Шымкент – 303 924 теңге.