What are you looking for?

31 наурыздағы сауда барысында доллар бағамы көтерілуін жалғастырды

31.03.2025

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 31 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,87 теңгеге көтеріліп, 504,44 теңге болды.

Еуроның орташа бағамы 548 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,89 теңгеге (-0,12) түсті.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 69,41 теңгеге (+0,25) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 502,9-505,5 теңге, еуро 544,5-548,5 теңге, рубль 5,73-5,87 теңге аралығында сатылуда.

31 наурыздағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді. Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,54%-ға өсіп, барреліне $73,15 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,63%-ға өсіп, барреліне 69,80 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 503,42 теңге, еуроны 542,08 теңге, рубльді 6 теңге деп белгіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media