What are you looking for?

Сәуірдің басында ауа райы қандай болады?

31.03.2025

Қазгидромет 1-3 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Барикалық құрылымдар өзгеруі Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болуына себеп болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік және шығыс аймақтарда түнде жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.

Тек орталық және оңтүстік аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді, таулы аймақтарда тұман түседі.

"Қазақстанның көп бөлігінде күндізгі температура 8-13°C-тан 15-20°C-қа дейін көтеріледі, оңтүстікте 18-23°C-тан 20-28°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 12-20°C-тан 18-23°C-қа дейін, шығыста 5-15°C, ал батыста 15-25°C-тан 13-22°C-қа дейін төмендеуі мүмкін", — деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media