ҚР Балық шаруашылығы комитеті Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының үйлестіруімен Қапшағай су қоймасында "Таза су айдындары" табиғатты қорғау акциясын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Акцияға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері, ТЖД, Алматы облысы әкімдігінің мамандары, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері мен "Алматы қайық шеберлері" тобының еріктілері – барлығы 115 адам қатысты. Іс-шараға 53 су көлігі мен 15 автокөлік тартылды.
Нәтижесінде 20 шақырымнан астам заңсыз орнатылған балық аулау құралдары алынды.