What are you looking for?

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнир жеңімпазы атанды

31.03.2025

Қазақстандық теннисші, әлемнің 245-ракеткасы Дмитрий Попко Морелия (Мексика) Челленджер 125 турнирінде үздік шықты.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жерлесіміз финалда әлемнің 95-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеймс Даквортпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Дакворт басымдық танытты — 6:1. Бұдан кейін Попко камбэк жасап, таразы басын аудара білді — 6:2, 6:4. Бір сағат 47 минутқа созылған финалдық матчта Дмитрий 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды.

Осылайша, 28 жастағы қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші челленджер додасының жеңімпазы атанды. Ол 28,4 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, 125 рейтингілік ұпайға ие болды.

Попко ATP жаңартылған рейтингісінде 175-орынға көтерілді.

Social Link

Follow Me On Social Media