Көрменің бас серіктесі – қазақстандық Kaspi.kz технологиялық компаниясы. Оның стенді шарадағы ең қызықты алаңдардың бірі болды.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе екі елдің басшыларына компанияның сүйікті клиенттері мен серіктестері үшін өмірді жақсартуға бағытталған инновациялық өнімдер мен қызметттерді қалай жасап жатқанын баяндады.
"Мен үшін Қазақстанды халықаралық конференцияларда таныстыру үлкен мәртебе. Өз еліміздегі цифрландыру нәтижелері туралы үнемі мақтанышпен айтамын. Мемлекет заманауи технологиялардың дамуына барлық жағдай жасады. Бүгінде Қазақстан – көптеген елдерге үлгі. Kaspi.kz қазақстандық компаниясы әлемде баламасы жоқ сервистерді әзірлеп жатыр. Біздің инновациялар жаһандық инвесторлар мен технологиялық компаниялардың ерекше назарын аударады. Kaspi.kz кейстерін Гарвард студенттері оқып жатыр. Мұның бәрі — қоғам, мемлекет және бизнес бірлескен еңбегінің жемісі. Әрбір қазақстандыққа сенім артқаны үшін алғыс білдіремін – осы сенім бізді дамуға және жаңа жетістіктерге жетелейді!" Михаил Ломтадзе
Михаил Ломтадзенің айтуынша, бүгінде Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасын 14 миллионнан астам адам пайдаланады. Жылына 10 миллионнан астам қазақстандық Kaspi.kz қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" сервисіне жүгінеді: цифрлық құжаттарды қолданады, жүргізуші куәлігін ауыстырады, автокөлікті қайта рәсімдейді, баланың туу туралы куәлігін алады, салық декларацияларын толтырады, ЖК тіркейді, тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрады, түрлі анықтамалар алады және тағы басқа қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz алғаш рет автокөлікті тікелей смартфон экранында қайта рәсімдеу қызметін іске қосты. Қазір жылына 1,3 миллион көлік Kaspi.kz суперқосымшасында қайта рәсімделеді. Бұрын бұл процесс бірнеше күн алса, енді бірнеше минутта атқарылады.
Сондай-ақ Михаил Ломтадзе мәртебелі қонақтарға Kaspi Картомат инновациялық құрылғысының жұмысын көрсетті. Бұл құрылғы толықтай Қазақстанда жасалып, өндірілген және бүгінде халықаралық технологиялық көрмелерде елдің өзіндік визиттік картасына айналды. 60 секундқа жетпейтін уақытта Kaspi.kz басшысы Welcome to Kazakhstan деген жазуы бар Kaspi Gold төлем картасын басып шығарды.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялық қызметтердің негізінде – 15 миллионға жуық қазақстандық қолданып, электронды коммерция, төлемдер мен қаржылық қызметтердің алдыңғы қатарлы сервистерін біріктіретін елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр.
Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізу арқылы онлайн тиімді сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турларды рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz бизнесті дамыту үшін Kaspi Pay суперқосымшасын жасады. Оны қазір 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер қолдануда. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформаларына қосылып, өз тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазып шығарды, олар бірнеше жылдан бері магистратура студенттерінің оқу бағдарламасына енген.