Ол әйел адамды шашынан ұстап алып, пышақпен қорқытқан.
Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы әуежайының мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде таныстырып, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкер оның құжатын сұраған кезде, ер адам оны ұстап алып, пышақпен қорқықан.
Полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері 7 минуттан кейін шабуылдаушыны ұстап, қаруын тартып алды. Қазір ол қамауға алынды. Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап жатыр.