What are you looking for?

Күн тәртібі бекітілді

01.04.2025

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтіп, онда депутаттар 3 сәуірдегі Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Бюроның қаулысына сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қыл­мыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еура­зиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жол­мен алынған кірістерді заңдас­тыруға және терроризмді қаржы­ландыруға қарсы іс-қимыл жөнін­дегі Еура­зиялық топтың бюджетін қалып­тастыру және атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Заң нормативтік базаны ФАТФ стандарттарына сәй­кес кел­­­ті­ру­ге, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржылан­дыру­ға қар­сы іс-қимыл мандатын ке­ңейтуге, қаржылық тетіктер­ді нақтылауға және ұйымның тиім­ділігін арттыру үшін техникалық түзетулер енгізуге бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар осы аптада болатын комитеттер отырыстарында және мүдделі тараптармен бірлескен көшпелі кездесулерде қозғалатын мәселелерді талқылады. Бұл іс-шараларда өңір­лердегі өзекті проблемаларды шешу барысына баса мән беріледі. Сон­дай-ақ бюрода бұған дейін Пар­ламент Мәжілісі қабылдаған заң­дар жұмыс үшін Сенаттың тұрақ­ты комитеттеріне бөлініп берілді.

Social Link

Follow Me On Social Media