"МузАрт" тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы үйленгелі жатыр. Тойдың қамымен абыр-сабыр өнер иесі сүйінші хабармен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Құдайға шүкір, жақсы көретін, қадірлейтін жақындарымның көп екені мені қуантады!" деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Алайда, әнші бұл арадағы ең қиыны — тойға кімнің нақты келетінін анықтау екен.
Айта кетсек, өнер иесі жаңаөзендіктермен құда болғалы отыр.
Бұған дейін Джей Лоның концертіне билет алған қазақстандықтың күлкілі әрекеті туралы жазғанбыз.