What are you looking for?

Израиль Сирияға кезекті рет соққы жасады

31.05.2025

Израиль қорғаныс күштері Сирияның Латакия провинциясында зымырандары бар қару қоймаларына соққы жасағанын ресми мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс күштері соққы жасағанын өздерінің Telegram арнасында жазған.

"Біраз уақыт бұрын Израиь Сирияның Латакия аймағында халықаралық және израильдік навигация еркіндігіне қауіп төндіретін жағалаудағы артиллериялық жүйелерге арналған зымырандары бар қару қоймаларына соққы жасады", – делінген хабарламада.

Әскерилер сол аймақтағы "жер-әуе" зымырандарының құрамдас бөліктерін сақтайтын орындарға шабуыл болғанын алға тартуда. Бұған дейін, 2 мамырда да Израиль Сирия аумағына қайта соққы жасаған еді.

Social Link

Follow Me On Social Media