Әйел емдік шөптер жинау үшін орманға кетіп, үйіне оралмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Риддерден 30 шақырым қашықтықтағы таулы жерлердегі орман алқабында адасып кеткен 71 жастағы әйелді іздеп тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тәулік бойы онымен байланыс орнату мүмкін болмады. Іздестіретін аудан жетуі қиын, таулы, қалың орман. Жол табу қиындай түскен.
Әйелдң жоғалғаны туралы ақпарат келіп түскеннен кейін бірден ауқымды іздестіру-құтқару операциясы басталады. Аумақты әуеден тексеру үшін ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы тартылды. Сондай-ақ, жерасты құтқару топтары жұмылдырылды.
Әуе аралау барысында жоғалған адам орман алқабының арасындағы ашық аумақта табылды. Құтқарушылар оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.