Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиеваның жазған үндеуін оқып берді.
Сот отырысында адвокат айыпталушыларға ең қатаң жаза, яғни өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе 20 жылдан жоғары жаза тағайындау туралы Шерзаттың анасының өтінішін оқыды.
"Мұндай қайғы ешкімнің басына келмесе екен деп тілеймін. Ешқандай ана мен сияқты жыламасын. Құметті сот, осы қылмыстық іс бойынша қатаң және ауыр үкім шығарылса екен деп тілеймін. Өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын, кем дегенде 20-30 жылдан болсын. Әділ, қатаң, ауыр шешім болса, басқаларға сабақ болар еді. Мұндай адамдар қоғамға қауіпті, ертең тағы біреудің баласын өлтірмеуіне кім кепілдік береді?" – деп жазылған Шерзаттың анасының үндеуінде. Оны сотта Мейрман Шекеев оқып берді.
Сот отырысы барысында жәбірленуші тараптың адвокаты моральдық зиянды өтеу туралы өтінішті толық қанағаттандыру және кәмелетке толмаған айыпталушы Д.Ы.-ға кешірім беру туралы өтінішті де еске салды.
Шерзат ісі бойынша сот отырысы
2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.
Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері, яғни марқұмның әжесі, ата-анасы, одан бөлек куәгерлер сөйледі.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!