What are you looking for?

Тоқтар Әубәкіров бес жастағы баланы ажалдан арашалап қалды

02.06.2025

Орал қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Тоқтар Әубәкіров суға батып бара жатқан бес жасар баланы аман алып қалды.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға 31 мамыр күні сағат 17:00 шамасында "Ақжол" демалыс орталығында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сенбі күні қызметтен тыс уақытта отбасымен демалып жүрген Тоқтар Әубәкіров кенеттен суға тұншығып жатқан бүлдіршінді байқап, бірден көмекке ұмтылған. Баланың ата-анасы ол сәтте қасында болмаған.

Жедел әрі батыл әрекеттің арқасында 2019 жылы туған бала дін аман қалды. Осы ерлігі үшін департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин Тоқтар Әубәкіровке алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Social Link

Follow Me On Social Media