What are you looking for?

Алматы әуежайында қызметкерге шабуыл жасаған ер адам бұған дейін автобуста қызды ұрған

07.03.2025

Алматы әуежайында қызды кепілге алған күдікті бұған дейін де жауапкершілікке тартылған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полициясы бүгін әуежайда ұсталған күдікті бұған дейін автобустағы қызды ұрған адам екенін растады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Krispi Almaty | Криспи Алматы (@krisp_almaty)

Сол кезде оны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді.

"Алматы полиция департаменті екі іске де бір адамның қатысы бар екенін растайды. Қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот тергеу барысында бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу шарасын таңдады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Еске салайық, бүгін, 7 наурызда Алматы халықаралық әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытты. Оқиға рейс алдындағы тексеріс аймағында болған.

Сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында (Т1) ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Авиациялық қауіпсіздікті тексеру қызметкері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Ал ол қызметкердің шашынан ұстап, оны пышақпен қорқыта бастаған.

Жеті минуттан кейін ер адамды желілік полиция және авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қаруын тартып алды. Ер адам қазір полиция бөлімінде. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің қаруын тартып алған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды.

Social Link

Follow Me On Social Media