What are you looking for?

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы өртенді

04.06.2025

ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан автобустан 34 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

ТЖМ мәліметінше, бүгін Қарағанды облысы Абай ауданындағы Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 960-шақырымында Астана – Шымкент бойынша бағыт алған жолаушылар автобусының мотор бөлігінен өрт шыққан.

Өрт аумағы шамамен 2 шаршы метрді құрады және өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жойылды. Алайда құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында барлық жолаушылар эвакуацияланып, жақын маңдағы жол бойы кемпингіне жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілді, — делінген мәліметте.

Салонда 34 жолаушы, оның ішінде 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматы болған. Зардап шеккендер жоқ.

Social Link

Follow Me On Social Media