What are you looking for?

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

05.06.2025

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 маусым күні Қазақстанның 16 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алматы облысы:

Тау бөктерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз аптап ыстық – 35°C, солтүстігінде 38°C дейін жетеді. Облыста өрт қаупі жоғары, солтүстік пен батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында да 35°C ыстық, жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы:

Батыс пен солтүстікте нөсер жаңбыр, бұршақ, жел күтіледі. Түнде және күндіз найзағай болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда найзағай, бұршақ, жел екпіні 18 м/с дейін болуы мүмкін.

Павлодар облысы:

Батыс пен солтүстікте найзағай. Облыстың солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары. Павлодарда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы:

Солтүстік, батыс және оңтүстік-шығысында найзағай. Облыста жоғары, ал оңтүстік, батыс және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы:

Түнде шығысында, күндіз батыс пен солтүстігінде найзағай. Бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман. Жел екпіні 15-20 м/с. Петропавлда да желдің жылдамдығы осындай болады.

Ұлытау облысы:

Батыс пен оңтүстікте найзағай. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Күндіз 35-38°C аптап ыстық. Жезқазғанда 35°C, жоғары өрт қаупі.

Қарағанды облысы:

Жел 15-18 м/с дейін, оңтүстігінде 35-36°C ыстық. Облыстың батысы, шығысы және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы:

Оңтүстігінде 36°C аптап. Батыс, шығыс пен орталықта жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысы:

Батыс пен солтүстікте найзағай. Жел түнде 15-20 м/с. Солтүстік-батыс пен шығыста жоғары, ал қалған бөліктерде төтенше өрт қаупі. Атырауда да қауіп өте жоғары.

Түркістан облысы:

Оңтүстігі мен тау аймақтарында найзағай, батыс пен солтүстікте шаңды дауыл. Желдің жылдамдығы 23 м/с дейін. Шымкентте де күшті жел мен жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда шаңды дауыл болады.

Ақмола облысы:

Батыс пен солтүстікте найзағай, бұршақ. Жел екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысы:

Солтүстігі мен орталығында найзағай, шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с. Қызылордада таңертең найзағай, күндіз шаңды дауыл. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Маңғыстау облысы:

Батыс, солтүстік және орталығында найзағай. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары, ал кей жерлерде төтенше.

Жамбыл облысы:

Тау аймақтарында найзағай, күндіз 42°C аптап ыстық. Жел екпіні 25 м/с дейін. Таразда 39°C ыстық, жел 20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы:

Солтүстік пен шығыста найзағай. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысы:

Батыс, солтүстік және орталықта найзағай мен бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Жел 15-20 м/с. Кей өңірлерде жоғары, ал оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда да найзағай мен жел күтіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media