What are you looking for?

«Qarmet» компаниясының экс-қызметкерлері 1 млрд теңге ұрлаған (ВИДЕО)

06.06.2025

Ішкі істер министрлігі «Qarmet» компаниясынан 1 млрд теңге ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері «Qarmet» компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады.

«Олар бір миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған», — деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media