What are you looking for?

Израиль әскері Бейрут маңындағы "Хезболла" нысандарына соққы жасады

06.06.2025

Әскери дерекке сүйенсек, бұл құрылыстар "Хезболланың" "127-отрядына" тиесілі болып, дрондар өндіруге пайдаланылған .

Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бейруттің оңтүстігінде орналасқан бірнеше жерасты нысанға әуе соққысын жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соққылар бейсенбі күні кешкі сағат 22:00-ден кейін басталды. ЦАХАЛ өкілдері бұл объектілер Ираннан қаржыландырылып, мыңдаған ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасайтын құрылымның бір бөлігі екенін атап өтті.

"Қозғалыстың әуе бөлімшесі Ирандағы террористік шенеуніктердің басшылығымен жұмыс істейді", - делінген ресми мәлімдемеде.

Израиль тарапы бұл әрекетті Ливанмен жасалған атысты тоқтату келісімін бұзатын қадам деп бағалап, "Хезболланы" аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндіріп отыр деп айыптады. Сонымен қатар, соққылар "Хезболланың" қайта топтасуына жол бермеу мақсатында жүзеге асырылғаны айтылды.

Ливан армиясы бұл әуе соққыларын қатаң айыптап, атысты тоқтату шарттарының бұзылуы елдің оңтүстігіндегі тұрақтылықты бақылауға кедергі келтіретінін мәлімдеді. Егер жағдай өзгермесе, Ливан тарапы атысты бақылау комитетімен ынтымақтастықты тоқтатуы мүмкін екенін ескертті.

Сол күні Ливан премьер-министрі Наваф Салам қызметке кіріскеніне 100 күн толуына орай жасаған үндеуінде, елдің оңтүстігінде "Хезболлаға" тиесілі 500-ден астам әскери нысан мен қару-жарақ қоймасының жойылғанын хабарлады.

Еске салайық, биыл ақпанда Ливанның жаңа үкіметі парламенттен сенім мандатын алып, "Хезболла" блогының қолдауымен құрылған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media