What are you looking for?

БҚО-да жедел жәрдем жеңіл көлікпен соқтығысып, 4 адам жарақат алды

10.06.2025

Орал қаласында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам ауруханаға түсті.

Жарақат алып, аурухана түскендердің біреуі - 13 жастағы қыз бала, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның жүруге тыйым салынған белгісіне жүріп кетіп, жеңіл көлікке соқтығысқан. Салдарынан көлікте жолаушы болған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ал, жедел жәрдем көлігіндегі 28 жастағы науқас әйел мен екі фельдшер қалалық және облыстық көпбейінді ауруханаға түсті.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media