What are you looking for?

Полиция әуежай қызметкерін кепілге алған адамның бұған дейін автобуста жолаушыға шабуыл жасаған кісі екенін растады

07.03.2025

Алматы полициясы бүгін Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамның бұған дейін қоғамдық көлікте жолаушыға шабуыл жасаған кісі екенін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қалалық полиция департаменті екі іске де бір адамның қатысы бар екенін растайды.

Бұрын хабарланғандай, қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот тергеу барысында бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу шарасын таңдады.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен", — делінген полиция түсіндірмесінде.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр қараша айында әлеуметтік желілерде Алматыда қоғамдық көлікте ер адам мен әйел адамның арасында жанжал шығып, салдарынан ер кісінің әйелді ұрған сәтінен видео тараған еді.

Кейін полиция қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынның ұсталғанын, оған қатысты бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ал бүгін Алматы әуежайында белгісіз ер адамның қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқыта бастаған видеосы желіні дүр сілкіндірді. Ер адамның жеті минуттан кейін ұсталған.

Ал желі қолданушылары ер адамның бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте әйел адамға шабуыл жасаған кісіге қатты ұқсайтынын жаза бастады.

Кейінірек құқық бұзушының ұсталған сәтінен видео тарады. Одан суық қаруды тартып алған белгілі әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев батыл азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media