What are you looking for?

Атырау облысында 9 адамды қарақұрт шақты

11.06.2025

Атырау облысында 9 адамды қарақұрт шағып, барлығы ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Үшеуі бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Қажетті ем-домнан кейін 7 азамат үйлеріне қайтарылған. Қазір екі тұрғын дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары орташа ауыр.

Қарақұрт төрт түлік малға да қауіп төндіріп тұр. Жыл басынан бері 159 малды шаққан, оның алтауы өлген. Былтыр 13 адам зардап шегіп, 40 шақты мал өлген. Биыл ахуал күрделі.

Social Link

Follow Me On Social Media