Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іспен танысу процессі аяқталғанын жариялады.
Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс жақын күндері прокуратураға жіберілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазіргі уақытта өтінішті қабылдау және оларға жауап беру рәсімі жүріп жатыр. Санаулы күннен кейін істі прокуратураға береміз. Зардап шеккендердің саны өте көп, – деді Жеңіс Елемесов.
Атышулы істе Перизаттың анасы да жауапқа тартылады. Қазір ол үйқамақта отыр. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 3,5 млрд теңге. Ал, Перизат Қайраттың "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 28 мамырында Перизат Қайратқа ҚР кодексінің 190-бабы – "Алаяқтық" және ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" бойынша айып тағылған болатын.