What are you looking for?

Қазақстанда АЭС құрылысын кім жүргізеді?

14.06.2025

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) кім салады деген сұраққа Атом энергиясы жөніндегі агенттік нақты жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Росатом" – халықаралық консорциум көшбасшысы

Ресми хабарламаға сәйкес, Ресейлік "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетін халықаралық консорциумның көшбасшысы болып таңдалды. Қазіргі уақытта "Росатомның" ұсыныстарына сәйкес, Ресей тарапынан мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұған дейін француздық ядролық энергетика саласындағы Assystem инжинирингтік компаниясы АЭС құрылысын жүргізетін консорциум жетекшісін таңдауға арналған әдістемелік негізді жасап берген болатын.

Қысқа тізімге енгендер:

Агенттіктің мәліметінше, техникалық және коммерциялық ұсыныстарын ұсынған төрт ірі халықаралық компания "шорт-листке" енген:

"Росатом" (Ресей)

China National Nuclear Corporation (CNNC) (Қытай)

Électricité de France (EDF) (Франция)

Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) (Оңтүстік Корея)

Компаниялар ұсынған материалдарда:

Құрылыс құнының болжамы

Жобаның іске асу мерзімі

Қаржыландыру моделдері

Жабдықтар мен құрылыс жұмыстарының жергіліктендіру деңгейі

Кадр даярлау және білім-ғылым әлеуетін дамыту

Ядролық отын цикліндегі ықтимал серіктестік

Әлеуметтік жауапкершілік мәселелері қарастырылған.

Талдау нәтижелері Атом саласын дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылып, Қазақстанға ең тиімді ұсыныс ретінде "Росатом" таңдаулы деп танылды. Екінші орын — Қытайлық CNNC, ал француз EDF пен корей KHNP үшінші орынды бөлісті.

АЭС салынатын нақты орын бекітілді

2025 жылдың ақпанында Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес, Алматы облысы Жамбыл ауданы, атап айтқанда, Үлкен ауылы алғашқы АЭС салынатын мекен болып белгіленді.

Президент тапсырмасы: атом саласын кешенді дамыту

2025 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына атом саласын дамытудың ұзақмерзімді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Президент АЭС салатын орынды таңдау кезінде қауіпсіздік пен заманауи технологиялар, жан-жақты талдау және нақты стратегиялық көзқарас қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Тоқаев екінші АЭС салынатын орынды да анықтау үшін Үкімет пен Парламенттен ұсыныстар күтетінін айтты. Ол кезеңде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші станцияның біріншімен қатар салынуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Кейінірек "Қазақстандық атом электр станциялары" компаниясының бас директоры Тимур Жантикин жоба бойынша қазіргі іске асу кезеңі жайлы ақпарат берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media