What are you looking for?

Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің алғашқы матчында жеңіліп қалды

08.03.2025

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында чехиялық спортшы Катержина Синяковамен кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Матч 1 сағат 29 минутқа созылып, Синякова 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Путинцева 55 ұпай жинап, үш қос қателік жіберді.

Қазақстандық теннисші турнирдің жұптық сындағы өнерін жалғастырады. Ол онда даниялық теннисші Клара Таусонмен бірге екінші айналымда Елена Остапенко (Латвия)/Элен Перес (Аустралия) дуэтімен кездеседі.

Ал Синякова WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында әлемнің 15-ракеткасы Каролина Мучовамен (Чехия) шеберлік байқасады.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан Уэллстегі турнирдің үшінші айналымына өткенін жазған едік.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда Нидерланд өкілі Сюзан Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Social Link

Follow Me On Social Media