What are you looking for?

Маңғыстауда қарақоңыз қаптады: жауаптылар не дейді?

16.06.2025

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында қарақоңыз қаптады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, тұрғындар қарақоңызға қатысты дабыл қағып отыр. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жұрт жаппай шағым жазып жатыр.

"Қарақоңыз маза бермей кетті. Үйдің ішіне де дейін кіріп алады. У шашсақ та қайтып келеді. Балаларымыздың киіміне, құлағына кіріп кете ме деп қорқамыз", — дейді ауыл тұрғыны.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MANGYSTAU | AKTAU жаңалықтары (@ladakz_qz)

Ауыл шаруашылығы министрлігі Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы мәліметінше, қарақоңыздардың зияны жоқ, адамға қауіп төндірмейді.

"Қарақоңыз қаптауы тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл — табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен туындап отырған құбылыс", — деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, әркім өз аумағын таза ұстауға міндетті.

"Азаматтар өз аулаларын, жер телімдерін таза ұстауы қажет. Тұрғындар өздері фитосанитариялық шараларды ұйымдастырып, қарақоңызды жоюы керек. Ол үшін дезинфекция жасайтын мекемелерге хабарласу керек", — деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media