What are you looking for?

Шымкентте ақшаны заңсыз иемденгендердің қылмысы ашылды

18.06.2025

"Mooni Gold" қаржы пирамидасын құрғандар құрықталды .

Қаржы пирамидасына мыңнан аса адам тіркеліп үлгерген. Күдіктілер түскен ақшаның 280 млн теңгесіне тұрғын үйлер мен автокөліктер сатып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Шымкент қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы прокуратурасы қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Mooni Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, қаржы пирамидасын құрған кдіктілер өздерін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде көрсеткен. Ал инвесторларға 5 ай ішінде салынған соманың 20-30%-ын құрайтын ай сайынғы табысқа уәде берген.

"Шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың жарналарынан жасалып отырған", – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің "Қаржылық пирамиданы құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Олардың үйіне тінту жүргізілген.

"Күдіктілер қылмысынан түскен ақшаларды жалпы құны 280 млн теңгеге бағаланатын элиталық тұрғын үйлер мен автокөліктер сатып алуға жұмсаған. Тінту кезінде 15 млн теңге қолма-қол ақша мен құны 28 млн теңгені құрайтын 67 атаудан тұратын түрлі алтын бұйымдар тәркіленді", – деп хабарлады Шымкент қалалық прокуратурасы.

Аталған қаржы пирамидасына қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ал күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Social Link

Follow Me On Social Media