What are you looking for?

Мексикада дауылдан 123 мың адам жарықсыз қалды

20.06.2025

Мексиканың оңтүстігінде қатты дауыл тұрып, 123 мың адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24kz.

«Рейтер» агенттігі келтірген мәліметке қарағанда, дүлей желден ағаштар құлап, электр желілері істен шыққан. Тұрғын үйлер бүлініп, ғимараттарға зақым келген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұған дейін метереологтар аймақта дауыл соғатынын ескерткен. Айтуларынша, қазір оның екпіні бәсеңдеген. Бірақ алдағы күндері күн қайта құбылып, жаңбыр жауып, соңы тасқынға ұласуы мүмкін

Social Link

Follow Me On Social Media