Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 5 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 496,71 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,54 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,49 теңгеге (-0,18) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 497,1-499,9 теңге, еуро 524-529,5 теңге, рубль 5,43-5,57 теңге аралығында сатылуда.
5 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасының төмендеуі жалғасуда.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мамыр фьючерстерінің құны 0,31%-ға арзандап, барреліне 70,82 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,79%-ға арзандап, барреліне 67,72 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 499,74 теңге, еуроны 525,23 теңге, рубльді 5,6 теңге деп белгіледі.