Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 3 наурыздағы бұйрықпен астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бюджеттік субсидиялар өнім берушілерге астық тасымалдауға байланысты нақты шығындар үшін төленеді және біржолғы сипатта болады.
Бюджеттік субсидияларды төлеуді өнім берушілердің астықты былайша тасымалдауға байланысты шығындарды жүзеге асырғанын растайтын құжаттар негізінде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады:
- бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Азов, Қара және Балтық теңіздері порттарының бағытында;
- бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының және Эстония Республикасының аумағы арқылы Балтық теңізі порттары бағытында;
- бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Ресей Федерациясының аумағы арқылы Латвия Республикасына, Литва Республикасына және Эстония Республикасына;
- бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Әзірбайжан Республикасының және Грузияның аумағы арқылы Қара теңіз порттары бағытында;
- бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Түркіменстан аумағы арқылы Ауғанстан Ислам Әмірлігіне;
- бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде транзитпен Түрікменстан арқылы Иран Ислам Республикасына;
- бір тонна үшін 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде транзитпен Қытай Халық Республикасының аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бағытында;
- бір тонна үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде Әзірбайжан Республикасына, Грузияға және Армения Республикасына.
Өнім беруші операторға мыналарды ұсынады:
- нысан бойынша астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын өтеуге арналған өтінім (өтінімдер оператордың Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайына қабылданады және келіп түскен күні мен уақыты бойынша тіркеледі);
- екінші деңгейдегі банк берген келісімшарттың есепке алу нөмірі бар экспорттық келісімшарттың көшірмесі;
- тауарларға арналған декларацияның және жөнелтушіге арналған жүкқұжаттың телнұсқасының көшірмелері;
- өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған жөнелту станциясының күнтізбелік мөртаңбасы бар теміржол жүкқұжаттарының көшірмелері;
- астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертхана берген астық сапасы паспортының көшірмесі.
Көрсетілген құжаттарды өнім беруші оператордың атына астық межелі станцияға немесе портқа келіп түскен күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға тиіс.
Оператор қоғамдық және үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері болып табылатын ұйымдардың және оператордың қызметкерлері қатарынан өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын қарайтын және растайтын комиссия (Комиссия) құрады. Комиссия төрағасы оператордың басшысы болып табылады.
Оператор Бюджеттік бағдарлама әкімшісінен бюджеттік субсидияларды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей астықты темір жол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтердің тізіліміне сәйкес оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан өнім берушілерге қаражат аударады.
Оператор бюджеттік субсидияларды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне оператор басшысы және өнім беруші қол қойған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын өтеу актілерін ұсынады.
Өнім беруші оператор алдында бюджеттік субсидиялар алу мақсатында оларды Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсыну үшін ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Оператор бюджеттік субсидиялардың төленген сомалары туралы ақпаратты күн сайын www.fcc.kz ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Бұйрық 2025 жылдың 5 наурызынан бастап күшіне енеді және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданылады.