What are you looking for?

БҚО делегациясы Қытайдың Цзянсу провинциясыннда кездесу өткізді

28.06.2025

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің төрағасы, партия комитеті хатшысының орынбасары Сюй Куньлиньмен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Нариман Төреғалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 маусымда Астана қаласында өткен 2-ші «Қытай – Орталық Азия» саммитінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі барысында ҚХР Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі деп айтқанын және елдер арасындағы қарым-қатынас әрқашан достық пен ынтымақтастыққа құрылғанын атап өтті.

Қазақстан үшін Қытай маңызды қызмет салаларындағы стратегиялық серіктес. Бізді қос мемлекеттің тәуелсіз даму жолын сақтай отырып, тату көршілік пен өзара сыйластық қағидаттары негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи достық байланыстырады. Бұл туралы екі ел көшбасшылары жоғары деңгейдегі кездесулерде бірнеше рет айтып өткен болатын. Батыс Қазақстан облысы – Қазақстанның "батыс қақпасы". Қытаймен арадағы тығыз сауда-экономикалық байланыстарды ескере отырып, біз екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, — деді Н. Төреғалиев.

Цзянсу провинциясының Халық үкіметінің төрағасы да өңірмен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Сюй Куньлинь провинцияның Қазақстанмен табысты ынтымақтастық орнатылғанын және жүзеге асырылған бірқатар жобалар осының дәлелі екенін атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Батыс Қазақстан облысы мен Қытайдың ең дамыған индустриялық өңірлерінің бірі – Цзянсу провинциясы арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету мәселелерін талқылады.

Social Link

Follow Me On Social Media