What are you looking for?

+43 градус ыстық, дауыл мен найзағай. Бүгін ауа райы қандай болады?

05.07.2025

5 шілдеде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Кей қалаларда жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады, ал басқа қалаларда аптап ыстық сақталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Батыс, солтүстік-батыс желі 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +22…+24°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс желі 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін. Түнде +22…+24°C, күндіз +36…+38°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +23…+25°C, күндіз +41…+43°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыс желі 7–12 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +31…+33°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 7–12 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.

Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс, батыс желі 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс, батыс желі 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +23…+25°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Батыс, солтүстік-батыс желі 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыс желі 9–14 м/с, күндіз екпіні 17–22 м/с. Түнде +22…+24°C, күндіз +40…+42°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде шаңды дауыл. Солтүстік желі 9–14 м/с, түнде екпіні 16 м/с дейін. Түнде +24…+26°C, күндіз +35…+37°C.

Павлодарда бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +25…+27°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Батыс, солтүстік-батыс желі түнде 9–14 м/с, күндіз 15–20 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +22…+24°C.

Семейда көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыс жел солтүстік-батысқа ауысады, 7–12 м/с, екпіні 17–22 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс желі 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20, кей уақытта 25 м/с дейін. Түнде +15…+17°C, күндіз +36…+38°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс жел солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с. Түнде +23…+25°C, күндіз +35…+37°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта шаңды дауыл. Солтүстік-батыс желі 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +25…+27°C, күндіз +41…+43°C.

Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс, солтүстік-батыс желі түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыс жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media