What are you looking for?

«Нұрбек шаршаған, Айбек масса жинаған»: Бұрынғы бапкер ағайынды Оралбайлар туралы айтты

08.07.2025

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков бокстан Астанадағы әлем кубогына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Sportbugin.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжірибелі маман ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың өнеріне баға берді.

«Нұрбек шаршаған. Орысша мұны «переутомление» дейді. Оның шаршағанын көздерінен-ақ білуге болады. Соңғы кезде көп жарысқа шықпады, мұның да әсері бар. Нұрбек әлі жиналады деп ойлаймын.

Айбекке келер болсақ, аса ауыр салмақта сенімді жұдырықтасу үшін оған әлі де пісу керек. Жетілу керек. Масса жинағаны көрініп тұр. Олимпиадаға дейін үш жыл бар, бәрі реттеледі», — деді Буданбеков.

Social Link

Follow Me On Social Media