What are you looking for?

Трамп жеті елге жаңа тариф енгізді

10.07.2025

Бұл туралы тиісті ресми хабарламалар Филиппин, Шри-Ланка, Бруней, Алжир, Ливия, Ирак және Молдова басшыларына жолданған.

АҚШ президенті Дональд Трамп жеті мемлекетке қатысты жаңа кедендік тарифтер енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжаттарға сәйкес, 1 тамыздан бастап аталған елдерден келетін тауарларға 20–30% аралығында кедендік баж салығы қолданылады. Жаңа мөлшерлемелер сәуірде жарияланған бастапқы деңгейлерге ұқсас болғанымен, кейбір мемлекеттер үшін бұрынғыдан жеңілдетілген шарттар ұсынылған.

Мысалы, Шри-Ланкаға қатысты тариф 44%-дан 30%-ға дейін, ал Иракқа — 39%-дан 30%-ға дейін төмендетілген. Есесіне, Филиппинге қойылған бұрынғы 17% мөлшерлеме 20%-ға дейін артты.

Social Link

Follow Me On Social Media