What are you looking for?

Жолаушылары бар бес автобус жолда тұрып қалған

10.03.2025

Күн суықта, алыс жолда қалған 100 адам құтқарылды .

Бұл туралы inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде Абай облысы "Алматы–Талдықорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасының" а/ж учаскесінің жабылуына байланысты құтқарушылар автобус жолаушыларына көмекке барған.

"Құтқарушылар Аягөз қаласы уақытша орналастыру пунктіне салонында 100 адам, оның ішінде 18 бала болған 5 жолаушылар автобусын жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ", – делінген хабарламада.

Social Link

Follow Me On Social Media