23-24 шілде күндері Маңғыстау облысында "Жер-2025" республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған іс-шара Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау" тақырыбы бойынша өтеді.
Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйесі тексеріледі, азаматтық қорғау қызметтерінің жедел әрекет ету дайындығы пысықталады.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан аталған жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.