What are you looking for?

Демалыс күндері 42 градусқа дейін ыстық болады

25.07.2025

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты , деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды циклон айқындайды. Онымен бірге өткінші бұлтты, ашық ауа райы, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте – шаңды дауыл болуы мүмкін.

Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста өте қатты аптап ыстық – 42°С дейін сақталады.

Social Link

Follow Me On Social Media