What are you looking for?

Елде су саласы мамандарының жалақысы өседі

28.07.2025

Елде су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ке дейін өседі. Қазіргі таңда 25 мыңнан аса маманның айлығын көтеру жоспарланған. Бұл қатарда сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін жұмысшылар бар.

Бастама су шаруашылығы саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті маман тартуға жол ашады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. Министрлік ақпарынша "Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген жаңашылдық алдағы күзден бастап күшіне енеді. Айта кетсек, 2030 жылға дейін елдегі су шаруашылығы мамандарына қажеттілік 2000 адамға жетеді деп болжанып отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media