What are you looking for?

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамау мерзімі ұзартылды

05.03.2025

Қазақстанның экс-әділет министрі Марат Бекетаевты қамау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне қадағалау органы хабарлағандай, Бекетаевты қамау мерзімі 10 наурызға дейін ұзартылған.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді. Кейін іс бойынша тергеу аяқталған.

23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.

Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы министр Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

2023 жылғы 29 желтоқсанда Бекетаевтың қамау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылғанын жазған едік.

Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media