What are you looking for?

Боранға байланысты еліміздің бірнеше өңірінде жолдар жабылды

10.03.2025

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты қарлы боран мен айналаның көріну деңгейінің шектелуіне байланысты республикалық тас жолдарда 18 учаске және облыстық жолдардың 27 учаскесінде көліктердің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы, Абай, Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды. Жол қызметтері жолдарды тазартуды жалғастыруда, бірақ ауа райы әлі де қолайсыз қалпында қалуда.

Қазақстан ТЖМ азаматтарды алыс жолға, әсіресе қараңғы уақытта шықпауға әне дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Еліміздегі ауа райының нашарлауына байланысты құтқарушылар келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

  • дауыл туралы ескертулерді қадағалап, оны елеусіз қалдырмаңыз;
  • жолдардың жабылуы туралы ескертулерді қарап қойыңыз;
  • алыс сапарлар мен жаяу жүруден аулақ болыңыз, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында.

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media