What are you looking for?

Жолаушылары бар 5 автобус жолда тұрып қалған

10.03.2025

Күн суықта, алыс жолда қалған 100 адам құтқарылды.

Бұл туралы inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде Абай облысы "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасының" учаскесінің жабылуына байланысты құтқарушылар автобус жолаушыларына көмекке барған.

"Құтқарушылар Аягөз қаласы уақытша орналастыру пунктіне салонында 100 адам, оның ішінде 18 бала болған 5 жолаушылар автобусын жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ", – делінген хабарламада.